Танымал блогер Ырысбала Икрамбайға қатысты дау шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысы қайырымдылықпен айналысып, танымалдылығы артқан блогердің қаржы есебін тексеруді талап етті.
«Ырысбаланы да тексеру керек. Үй салып жатыр, Дубайдан пәтер алды», – деп жазды бір оқырман. Одан кейін блогердің тез байып кеткені де қызу талқыға түсті.
Блогер өз кезегінде оқырманының сөзін жауапсыз қалдырмады.
“Айналайындар, жәрдемақының өзін отбасындағы табысқа қарап берейін деп жатқан үкімет сендерге ақымақ емес қой. Егер 50 миллионнан астам қаржыға мүлік алсаң, банктегі есепшотың бұғатталады. Сосын кіріс көзіңді дәлелдеуге тура келеді. Декларация, салық, бәрі тексеріледі. Сендерсіз де бәрі бақылауда», – деді Ырысбала өз парақшасында.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!