Бұл қызмет 2022 жылғы 1 қазанда қайта іске қосылады.

Қазақстанның электронды үкімет порталында Қазақстандағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ жандарға жеке сәйкестік номері беру қызметі уақытша тоқтатылды.

2022 жылғы наурыздан бастап қазақстандық ЖСН алған Ресей мен Украина азаматтарының саны бірнеше мәрте өскен. Жеке сәйкестік номерін Ресейдің 35 782 азаматы алса, бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнің көрсеткішінен 16 есе жоғары. Аталған мерзімде жеке сәйкестік номерін 637 украиналық азамат алып, өткен жылғы көрсеткішті үш есе өсірген.

Жеке сәйкестік номері мемлекеттік органдар мен банк шотын ашуға жүгіну үшін қажет. Оны өзге елдің азаматы болып қала тұра алуға болады

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!