Екібастұз қаласында ер адам өз пәтерді көз жұмды. Мәйіттен зорлық іздері анықталған жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап.
Қала әкімдігі мессенджерде тараған «ер адамның үсіп өлгені» жайлы мәліметті жоққа шығарды. Әкімдік өкілдерінің сөзінше, үйлердің бірінде зейнеткердің көз жұмғаны рас. Бірақ оның өліміне қан қысымының көтерілуі себеп болған.
Жедел медициналық көмек көрсету станциясы ұсынған ақпаратқа сәйкес 17:32-де Екібастұздағы пәтерлердің бірінде ер адамның есінен танғаны туралы хабарлама түскен.
«Аталған орынға 8 минутта жетті. Бірақ дәрігерлер 70 жастағы ер адамның көз жұмғанын анықтады. Үсік белгілері болған жоқ», – деп қосты станцияның баспасөз қызметінің өкілдері.
17:50-де пәтерге полицейлер шақырылды. Көз жұмған кезде зейнеткердің жанында жұбайы болған. Полицейлер ер адамның денесінде зорлық іздерінің жоқ екенін нақтылады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!