Енді Қазақстанның барлық азаматы ұялы байланыс қызметтерін алу үшін биометриядан өтуге тиіс, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Азамат абонеттік нөмірді тіркеп, оператормен байланыс орнату үшін бет-жүзін сканерлейді.

Цифрлық даму министрлігі мамандарының мәлімдеуінше, бүгінде абоненттік нөмірлер арқылы адамның қаржысына қол сұғатындар көбейген. Аталмыш жоба алаяқтықтың алдын алмақ. Сондай-ақ интернетке кіру жүйесіне де өзгеріс енгізіледі. Егер азамат интернетті пайдаланғысы келсе, жеке басын куәландыратын құжатын тіркейді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!