Бүгін «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшесі, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Сырдария ауданында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Іс-шараға аумақтық коалиция мүшелері Жұмабек Ембергенов, Алмас Есназар, Ақтөре Ибрагимұлы қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасында қарастырылған өзгерістер талқыланды. Мұрат Әбенов құжаттың құрылымы мен мазмұнына тоқталып, оның 11 бөлім мен 96 баптан тұратынын атап өтті. Сондай-ақ жобада азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне, сот жүйесіне қатысты бірқатар нормаларға өзгерістер енгізу көзделгенін айтты. Атап айтқанда, Жоғарғы Сот Төрағасын тағайындау тәртібіне байланысты ұсынылған норма жөнінде ақпарат берді.

Өз кезегінде Жұмабек Ембергенов реформалардың бағыттары мен құқықтық қағидаттар туралы пікір білдірді.

Жиын барысында тұрғындар тарапынан сұрақтар қойылып, пікір алмасу өтті.

Сырдария ауданының Құрметті азаматы, мәдениет саласының ардагері Тимур Айсин Конституция мен заңнаманың уақыт талабына сай жаңартылып отыруы жөнінде өз көзқарасын білдірді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!