Фото: Zakon.kz
Енді Қазақстанда газ баллондары шыға бастайды. Онымен Петропавл ауыр машина жасау зауыты айналыспақ. Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері айтты.
Өйткені қазір халық қолданып жүрген газ баллондардың тозығы жеткен. 40-45 жылдан бері қолданылып келе жатқандары бар.
Биыл газ баллонға қатысты 37 апат тіркелген. Апаттың алдын алу мақсатында тиісті заң да қабылданды. Оған сай газ баллондарын 20 жылдан артық қолдануға болмайды, деп жазады qazaqstan.tv.
Бірақ жабдықтың жетіспеушілігі мәселені толықтай шешуге мүмкіндік бермей отыр. Сондықтан баллонды өндіру жолға қойылмақ.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!