Sputnik. 2025 жылдың 14 сәуірден бастап еліміздің барлық өңірінде 125 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлайды көлік министрлігі.

«Модернизация және реконструкция жұмыстары аясында вокзал ғимараттарын қалпына келтіру мен жөндеу, сондай-ақ, инженерлік жүйелерді жаңарту жұмыстары атқарылмақ. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң вокзалдардың өткізу қабілеті артып, заманауи күту залдары, интернет, ақпараттық жүйелер мен арнайы сервистер пайда болады деп күтілуде», – дейді көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров.

Қазақстандықтар мен шетелдік қонақтар арасында жоғары сұранысқа ие туристік локацияларда орналасқан 21 теміржол вокзалы да жөндеу жұмыстарымен қамтылды. Ірі қалалардағы вокзалдармен қатар, елді-мекендер мен шалғай аудандарда орналасқан нысандар да жөндеуден өтеді.

  • Шығыс Қазақстан өңірінде – 5 вокзал;
  • Ақмола облысында – 16 вокзал;
  • Атырау облысында – 9 вокзал;
  • Алматы облысында – 5 вокзал;
  • Ақтөбе облысында – 7 вокзал;
  • Абай облысында – 10 вокзал;
  • Жетісу облысында – 8 вокзал;
  • Батыс Қазақстан өңірінде – 4 вокзал;
  • Қарағанды облысында – 11 және басқа да өңірлердегі вокзалдар жаңартылады.

Аталған жобаларды іске асыру барысында отандық материалдарды пайдалануға басымдық беріледі. Бұл ішкі экономиканың дамуына және жергілікті өндірушілерді қолдауға ықпал етпек.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!