Фото: ҰОК

KAZINFORM — Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакинаның кіммен кездесетіні белгілі болды.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина екінші айналымнан бастайды.

Қазақстандық теннисші әлемнің 44-ракеткасы, америкалық Эшлин Крюгер немесе іріктеу сайысы жеңімпаздарының бірімен ойнайды.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 71-ракеткасы Юлия Путинцева күтпеген жерден іріктеу сайысының финалында рейтингіде 206-орында тұрған аустралиялық Оливия Гадекиден жеңіліп, негізгі жарыстан тыс қалды — 6:1, 5:7, 1:6.2024 жылы Брисбенде Елена Рыбакина жеңімпаз атанса, өткен жылы әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко үздік шыққан еді. Бұл жолы екеуінің тек жартылай финалда жолдары тоғысуы мүмкін.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!