Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шыға алмай қалды.

Қазақстан теннисшісі ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымда осы «Үлкен дулыға» турнирінің 10-ракеткалары, жапониялықтар Сухо Аояма – Эна Шибахарамен шеберлік байқасты. Жапониялық жұп 6:2, 7:6 (9:7) есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакина енді жекелей сында ғана жарыс жолын жалғастырады. Ол ертең әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!