Фото: gov.kz

Қытай Халық-азаттық армиясы «Батыс» Біріккен қолбасшылығының әскери қызметшілері Қазақстанға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шетелдік қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінің басшылығымен кездесіп, жоғары оқу орнының инфрақұрылымымен, материалдық-техникалық базасымен және оқу бағдарламаларымен танысты.

Сапар аясында ҚК Құрлық әскерлері қолбасшылығының өкілдерімен кездесулер өтті.

Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында қытайлық әріптестер ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін елдің әскери тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін жәдігерлер, құжаттар мен фотосуреттер қойылған Мемлекеттік әскери-тарихи музейге барды.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша әскери ынтымақтастықты дамыту ниеттерін растады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!