SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 25 қыркүйектен бастап Қазақстанда халық арасында елдің алғашқы атом электр станциясына атау беру конкурсы ресми түрде басталды. Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі агенттік хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, арнайы комиссияға қоғам өкілдері, креативті индустрия мамандары, тарихшылар, филологтар және энергетика саласының сарапшылары кірген.

Маңызды мерзімдер:

25 қыркүйек – конкурс ресми түрде жарияланды;

25 қыркүйек – 10 қазан – eGov Mobile қосымшасы арқылы ұсыныстар қабылданады;

11–24 қазан – ұсыныстарды сараптау кезеңі;

қазан айының соңына дейін – жеңімпазды анықтау.

Агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев бұл бастама Дүниежүзілік атом саласы қызметкерлері күні қарсаңында қолға алынғанын атап өтті:

«Бұл – әлеуметтік-экономикалық даму үшін маңызды индустрия. Сол себепті халықтың барынша көп бөлігін қамту үшін ұсыныстар eGov Mobile арқылы қабылданады», – деді ол.

Конкурс ашық әрі әділ өтеді. Қорытындысы қазан айының соңында белгілі болады.

Еске салайық, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы АЭС-ке атау беру бойынша бүкілхалықтық конкурс өткізуді ұсынған еді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!