Фото: Pixabay.com

Елімізде тұрғын үй салу үшін жер беру талаптары өзгеруі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұдан былай телім сатылымға шығарылмас бұрын арнайы есепке қойылуы тиіс.

Жер ресурстарын басқару комитеті жаңа жобаны қоғам талқысына шығарды. Құжатқа сәйкес, су, жарық желілері тартылған аумақтан баспана құрылысы үшін жер учаскелері беріле бастайды. Ал инфрақұрылымы дайын емес учаскеден жер алу қиындамақ. Ең болмағанда бос аумақта электр бағаналары орнатылуы тиіс.

Осылайша, жер учаскесін сатып, барлығы жүргізіледі деп сататындардың жұмысы бақыланбақ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!