Қазақстанда судьялыққа кандидаттарды іріктеу кезінде енді көпшіліктің пікірі ескеріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жоғары Сот Кеңесінің сайтында азаматтар конкурсқа қатысушылар туралы өз пікірлерін жаза алады.
«Іріктеу барысында үміткерлердің кәсіби және жеке қасиеттері де зерделенеді. Сонымен қатар кандидаттар конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбат жүргізеді, оған адвокатура, прокуратура өкілдері, заң қоғамдастығының өзге де өкілдері, сондай-ақ HR-мамандар кіреді», – деп атап өтілді Кеңес аппаратында.
Конкурсқа қатысушылар 335 судьялық бос орынға үміткер. Тұрғындар 1 қазанға дейін пікір қалдыра алады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!