Фото: Pixabay

Мәдениет және ақпарат министрлігі мерзімді баспасөз басылымдарының тегін электронды архивін жинақтауға бағытталған бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Halyq Uni.

Мерзімді баспасөз басылымының данасын жолдау үшін меншік иесі «Мерзімді баспасөз басылымдарының міндетті тегін даналарының электрондық архиві» ақпараттық жүйесінде уәкілетті органның интернет-ресурсы арқылы тіркеуден өтеді.

Тіркеу кезінде меншік иесі мына мәліметтерді көрсетеді:

  • мерзімді баспасөз басылымы атауы;
  • мерзімді баспасөз басылымының меншік иесінің атауы;
  • мерзімді баспасөз басылымын есепке қою туралы куәлік нөмірі;
  • мерзімді баспасөз басылымы меншік иесінің байланыс деректері.

Мерзімді баспасөз басылым данасы мынандай тәртіпте жолданады:

  • бас редактордың тегі және аты-жөні;
  • мерзімді баспасөз басылымдарының атауы, күні және нөмірі;
  • мерзімді баспасөз басылымының толық көлемде графикалық форматтағы нұсқасы тіркеледі;
  • мерзімді баспасөз басылымының тіркелген данасы бас редактордың электрондық цифрлық қолтаңбасымен (ЭЦҚ) куәландырылады.

Жоба бойынша қаржы қажет етілмейді.

Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында 18 тамызға дейін талқыланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!