ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде көкөніс бағасы арзандағанын айтты.

«Күзде дәстүрлі түрде баға арзандайды, оның ішінде көкөніс бағасында өзгеріс бар. Соңғы мәліметтер бойынша картоп, сәбіз және пияз бағасы түсті», – деді Е. Қарашөкеев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, ел аумағында жаппай егін орағы жүріп жатыр. Осы орайда миллион тонна картоп жиналған. Сонымен қатар егіс алқаптарында пияз жинау аяқталып келеді.

«Бағаның өсімі негізінен сауда желілеріне тиесілі болды. Егіс алқаптарында картоптың келісін 120 теңгеден алып кетіп жатыр», – деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Е. Қарашөкеев Қостанай облысындағы өрт егіс алқаптарында елеулі шығын келтірмегенін айтты.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!