Жиын барысында ол бірқатар мәселеге де тоқталып өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
– Мектепте балалармен жұмыс істейтін психологтар мен психологиялық қызметке қатысты біздің депутаттар сауалын да жолдады. Олардың жалақы мәселесі де көтерілді. Кадр даярлауда да мәселе баршылық. Кадр жетіспеушілігі, қалай даярлап жатырмыз, бұл маңызды. Қазір психологиялық қызмет көрсететін орталықтар ашылып, жұмыс істеп жатыр, бірақ оның тиімділігіне қатысты мәселелер бар. Біз психологиялық қызмет бағытында заң жобасын дайындауға кірістік, – деді ол.
Қазіргі уақытта жаңа жобасы бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Кеңейтілген отырыста Мәжіліс депутаты Айна Мысырәлімова заң жобаларын тоқталып өтті.
– Президенттің 2023 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында және «AMANAT» партиясының сайлау алды бағдарламасында қазақстандықтардың денсаулығын қамтамасыз ету мәселелеріне үлкен мән беріледі. Өскелең ұрпақтың психикалық денсаулығының психологиялық қолдау қызметтерін құрудың маңыздылығы атап өтіледі. Осы тапсырмалар аясында біраз жұмыс атқарылуда. Сегізінші шақырылымдағы көптеген заң жобасы халықтың белгілі бір санатын психологиялық қолдауға байланысты мәселелерді шешуді көрсетті. Бұл балалық шақ пен ананы қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен буллингпен күрес, лудомания, халықты әлеуметтік қорғау мәселелеріне қатысты заң жобалары болды. Бүгінде «AMANAT» партиясы «Психологиялық көмек туралы» заң жобасын әзірлеуде, – деді депутат.
Қазақстанда мінез-құлқы психикалық бұзылған (ауытқуы бар) 20 4408 адам бар болса, оның 44 781-і – кәмелет жасына толмаған балалар мен жасөспірімдер.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!