– Президент сайлауы ойдағыдай өтті деп айта аламыз. Саяси науқан туралы ақпарат көздерінен жақсы пікірлерді де байқадық. Алғаш рет дауыс берген жастардың жүзіндегі қуаныш пен толқынысты көрдік. Отбасылармен бірге келіп, маңызды күнді тарихи сәтке айналдырып жатқандарға куә болдық. Бұл халықтың саяси көзқарасының қалыптасқандығының белгісін білдіреді. Енді ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың сенімін ақтап, Қазақстанның әлемдік аренада мәртебелі болуына атсалысады деген сенім мол. Жастардың даму жолында жаңа реформалар қабылданып, қуатты елге айналатынымызға сенемін.

Бақберген ӘБІЛҚАСЫМ,

Абай атындағы үш тілде

 оқытатын дарынды балаларға

 арналған мамандандырылған мектептің мұғалімі

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!