Фото: Үкімет

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының салық саласын реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы айтты, деп жазады KAZINFORM.

Вице-премьер 2025 жылғы 18 шілдеде Мемлекет басшысы келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексіне және ілеспе заңға қол қойғанын атап өтті. 

Президенттің тапсырмасы бойынша процестерді, мемлекеттік қызметтерді және салық төлеушілермен электронды өзара іс-қимылды автоматтандыратын салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі енгізілуде.

Салықтарды автоматтандырылған есептеу және салық төлеушінің құжаттамасын қалыптастыру үшін Smart Data Finance жүйесі өндірістік қолданысқа енгізілді. 

Мемлекеттік органдармен 64 интеграция жүзеге асырылды, деректер көлік және мүлік салығын есептеуде, камералды бақылау және жалпыға бірдей декларациялау кезінде қолданылады.

— Жаңа кодекс — бұл Бюджет кодексі қабылданғаннан кейінгі бюджеттік-салық реформасының екінші кезеңі. Үшінші кезең — экономиканың нақты секторын ауқымды қаржыландыру. Аталған бағдарламаның операторы — қолдау көлемін 8 трлн теңгеге дейін жеткізу үшін капиталдандыруы 1 трлн теңгеге ұлғайтылған «Бәйтерек» холдингі. Бұл, есептеулер бойынша, 2025 жылы ЖІӨ өсімінің шамамен 1,3%-ын қамтамасыз етеді, — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!