Фото: exclusive.kz
Келесі айдан бастап кейбір абоненттерде тариф бағасы қымбаттамақ, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.
Kcell және Activ абоненттеріне тарифтер бойынша абоненттік төлем өсетіні туралы хабарламалар келген. Ал бұл өсімге операторлар:
«Бағалардың орташа өсімі тарифтің қазіргі шарттарына байланысты 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) болады», – деп жауап берді.
Kcell және Activ тарифтік саясаты нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасатыны да айтылды.
«Біздің өзіндік құнымыз жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, электр энергиясының қымбаттауы тариф құнына тікелей әсер етеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір базалық станция 20 орташа пәтер тұтынатын электр энергиясын пайдаланады. Сонымен қатар, валюта бағамының ауытқуы да қызмет құнына әсер етеді, себебі желіні жаңғырту және қолдау үшін қажетті жабдық шетелден сатып алынады», – деп түсіндірді компания.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!