Фото: Ашық дереккөзден
Жыл сайын 24 наурызда әлем туберкулезге қарсы күресте бірігеді, деп жазады Egemen.kz.
Флюорографиядан өткен 5,6 млн адамның 4 мыңнан астамынан туберкулез анықталған.
1993 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) туберкулезді халықаралық деңгейде белсенді күш-жігерді қажет ететін жаһандық проблема деп жариялады.
ДДҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 10 миллионға жуық адам туберкулезбен ауырады.
Туберкулезден болатын өлім шамамен 1,5 миллион адамды құрайды.
Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылар қатары азайып келеді. Бұл ауруды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерін енгізудің арқасында мүмкін болып отыр.
Ауру мен өлім динамикасы:
Кейінгі 6 жылда сырқаттанушылық көрсеткіші 27%-ға, туберкулезден болатын өлім көрсеткіші 50%-ға төмендеген.
2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда сырқаттану көрсеткіші 4%-ға, ал өлім көрсеткіші 16,7%-ға азайған.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!