Үкімет мұғалімдердің кәсіби мерекесі күнін өзгертуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанда ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде тойланады. Ашық НҚА сайтында мереке күнін 5 қазанға өзгерту ұсынылды. Тиісті құжатты ҚР Оқу-ағарту министрлігі әзірледі.
Құжатта түсіндірілгендей, бұл өзгеріс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 30 желтоқсандағы өкімін орындау мақсатында енгізіледі.
Ұсыныс 2 ақпанда жарияланды, ал 16 ақпанға дейін қоғамдық талқылау болады.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!