Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатуға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді сынамалау таңбасы жоқ өнімдер сатылған жағдайда, заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шаралар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және зергерлік нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Енді Қазақстан аумағында сынамалау таңбасы және сынама палаталарында сараптама жүргізілгенін растайтын белгілерсіз зергерлік бұйымдарды сату мүмкін емес.

Ережелерді бұзғандарға 190 мың теңгеден 580 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Заң қайта бұзылған жағдайда, айыппұл сомасы артады.

Жаңа талаптар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!