фото: pexels
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кәсіби мерекелердің тізбесін бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізуді мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда жаңа мерекелер пайда болды:
Қаржылық мониторинг органдары күні – 28 қаңтар;
Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні – шілденің бірінші жексенбісі;
Теміржол көлігі қызметкерлері күні – тамыздың бірінші жексенбісі;
Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы қызметкерлері күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні – 2 қазан;
Автомобиль көлігі қызметкерлері күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
Автожол саласы қызметкерлерінің күні – қазан айының соңғы жексенбісі;
Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлері күні – 10 қараша;
Қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері күні – 13 желтоқсан.
Сонымен қатар, аталған мерекелер Үкіметтің 2024 жылғы 16 тамыздағы №668 қаулысымен бекітілгеніне байланысты Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні аталған тізімнен алып тасталды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!