Қазақстанның үш облысында су тасқынына байланысты тасжолдар жабылып, көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» жолдардағы жағдай туралы мәлімет жариялады.

Ақтөбе облысы:

  • «Қандыағаш – Ембі- Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

  • «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

«Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 199 маман жұмылдырылды», – делінген «ҚазАвтоЖол» хабарламасында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!