Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Сенатының отырысында саяси жүйені орнықты дамыту ісіндегі партиялардың маңызы жайында айтты.

«Саяси жүйені орнықты дамыту ісінде партиялар маңызды рөл атқарады. Осы орайда, елімізге жауапкершілігі жоғары партиялар қажет. Олар халықтың мүддесін тиімді қорғай білуге тиіс. Сондай-ақ мемлекет тұғырын нығайту және ел бірлігін сақтау мәселесін бәрінен биік қоюы керек», деді Қ.Тоқаев.

Осы ретте ол партиялар азаматтық қоғамның басты тірегі болуға тиіс екенін айтып өтті.

«Жұртшылықтың талап-тілегіне жете мән беріп, жүйелі жұмыс жүргізуі қажет. Өз бағдарламасын заңды жолдармен іске асыруы керек. Саясаткерлердің жаңа шоғырын қалыптастырып, оларды елге таныту да маңызды», деді Мемлекет басшысы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!