Бүгін елорданың Тәуелсіздік сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өз жұмысын бастады.

Съездің басты тақырыбы – «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының рөлі».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйледі. Съезде делегация басшылары да сөз сөйлейді деп күтілуде.

Съезд шеңберінде форум форматына енгізілген бірқатар өзекті тақырыптар  талқыланады деп жоспарлануда.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!