20 шілдеде М. есімді азамат Жоғарғы Сот ғимаратының алдында үстіне бензин құйып, өзін-өзі өртемек болды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.

Оған «Ұсақ бұзақылық» (ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі) бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

М.-нің түсініктемесі бойынша, ол Түркістан облысының бірінші сатылы сотында бүгінгі күні қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша жәбірленушінің ағасы болып шықты.

Әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот М.-ді құқықбұзушылық жасағанына кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алды.

Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!