2025 жылдың 1 қазанынан бастап жасы 21-ге толмаған қазақстандықтар Мысырға тек ата-анасымен немесе олардың заңды келісімі арқылы ғана бара алады. Бұл туралы Қазақстанның және Қырғыз елінің туроператорлары жазып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстандағы HT.kz және Limpopotravel.kz туроператорларының және Қырғызстандағы Zyarat.kg операторының мәліметіне сүйенсек, Мысырдың Сыртқы істер министрлігі осындай өзгеріс енгізіп отыр.

Турпоператорлар жазғандай, кәмелет жасына толмаған балаларды ата-анасының біреуі немесе екеуі қатар ертіп жүруі керек. Егер жасөспірімдер туыс-туғанымен баратын болса олар орыс және ағылшын тілінде заңды рұқсат қағазын ертіп жүру керек.

Бұл өзгеріс Тәжістанда күшіне енгенін айта кетейік: бұл елдің 21 жасқа толмаған азаматтары тек ата-анасымен бірге немесе олардың заңды рұқсатымен ғана сапарлай алады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!