Фото: depositphotos.com

Қазақстан астанасы мен Оңтүстік-Шығыс Азияның ең танымал туристік бағыттарының бірі – Пхукет аралы арасындағы жаңа рейс осы күзде іске қосылады, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Астанадан Пхукетке тікелей тұрақты рейстерді Air Astana 26 қазаннан бастап аптасына үш рет орындайды.

«Жаңа әуе қатынасы қолданыстағы Алматы – Пхукет – Алматы тікелей рейсіне қосымша енгізіледі, ол аптасына 5 рет орындалады, ал 26 қазаннан бастап күн сайын болады. Ұшулар келесі кесте бойынша жүзеге асырылады, жергілікті уақыт көрсетіледі: КС163 рейсінің Астанадан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сағат 21:40-та ұшады, Пхукетке 07:45-те жетеді. Сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері Пхукеттен X164 рейсі сағат 09:30-да ұшады, сағат 16:10-да Астанаға жетеді.Ол жаққа ұшу ұзақтығы – 8 сағат 5 минут, кері қайту – 8 сағат 40 минут», – делінген әуетасымалдаушының хабарламасында.

Рейстер заманауи Airbus A321LR-де екі класты кабина орналасуымен орындалады. Бизнес-класта 16 орын қарастырылған, ал эконом-класта 150 эргономикалық креслолар орналасқан, олардың әрқайсысы ойын-сауық жүйесі бар жеке монитормен жабдықталған.

«Эконом-кластағы алымдарды ескеріп, екі жаққа да билеттердің құны 334 144 теңгеден басталады», – деп атап өтті әуетасымалдаушы.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!