Фото:depositphotos.com

Енді азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін еркін таңдай алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Халық үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген кез келген қажет цифрлық және әріптік белгілермен МТНБ-ны еркін таңдауды көздейтін нормалар әзірленді.

«5 қаңтардан бастап азаматтар мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы таңдай алады. Бұл ретте, кез келген қажетті әріптік және цифрлық белгілері бар МТНБ құны 10 АЕК және 15 АЕК мөлшерінде болады (жоғары сұранысқа ие МТНБ-ны қоспағанда)», – деді ҚР ІІМ ӘПК-нің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.

Бұған дейін Әкімшілік полиция комитетінде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа мүмкіндік пайда болатынын хабарлаған еді: цифрлар мен әріптердің кез келген комбинациясын толықтай өзіңіз таңдауға болады. Мысалы, 123AZA01, 321ERA02, 069ARA03 және тағы басқа.

«Элита» сериялардан бөлек: 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 100, 101, 111, 121, 131, 141, 151, 161, 171, 181, 191, 200, 202, 212, 222, 232, 242, 252, 262, 272, 282, 292, 300, 303, 313, 323, 333, 343, 353, 363, 373, 383, 393, 400, 404, 414, 424, 434, 444, 454, 464, 474, 484, 494, 500, 505, 515, 525, 535, 545, 555, 565, 575, 585, 595, 600, 606, 616, 626, 636, 646, 656, 666, 676, 686, 696, 700, 707, 717, 727, 737, 747, 757, 767, 777, 787, 797, 800, 808, 818, 828, 838, 848, 858, 868, 878, 888, 898, 900, 909, 919, 929, 939, 949, 959, 969, 979, 989, 999 және (немесе) әріптік белгілеулері бірдей нұсқаларды таңдауға болады.

Бұл қызметтің құны 10 АЕК, яғни 43 250 теңге болады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!