Егер бала балағат сөз сөйлеп, бұзақылық жасаса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеп отыр.

Айыппұл мөлшері баланың жасына байланысты:

  • 14-16 жас – ата-анасына ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша 7 АЕК (27 524 тг) көлемінде айыппұл салынады.
  • 16-18 жас – жасөспірімге айыппұл салынуы мүмкін, егер оның табысы болмаса, айыппұлды ата-анасы төлейді: ӘҚБтК-нің 66-бабы бойынша 10 АЕК-ке дейін (39 320 тг).
  • 12 жасқа дейін жауапкершілік толығымен ата-анасынажүктеледі: ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 10-нан 15 АЕК-ке дейін (39 320 – 58 980 тг) айыппұл салынады.

Баланың кінәсін дәлелдеу үшін полицияға жүгіне алады.Ол үшін: 

  •  Куәгерлердің арызы
  •  Бейне немесе аудиожазба
  •  Интернетте немесе жазбаша түрде балағаттаса, сарапшылардың қорытындысы қажет.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!