Мәжілісте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық туралы заң жобасында тұрғын үйді ұстау тарифтерін айлық есептік көрсеткішке байланыстыру мәселесі талқыланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутат Екатерина Смышляеваның айтуынша, қазір тұрғын үйді күтіп ұстау тарифтерін мәслихат бекітеді. Бірақ бұл процесс құлықсыз жүріп жатыр.
“Тарифтердің көтерілуі тұрғындар арасында жиі наразылық тудырады. Сондықтан облыс басшылығы оны қайта қарауды кейінге қалдырады немесе мүлдем қайта қарамайды. Бұл көппәтерлі үйлерді күтіп ұстауды қиындатады. Бұл жерде басқарудан бөлек, тұрғын үй қорын сақтау мәселесі де бар. Сондықтан, біз тарифті автоматты түрде индекстеп, мәслихат бұл мәселеге қайта оралмайтындай Айлық есептік көрсеткішпен байланыстыруды талқылап жатырмыз», – деді депутат.
Депутаттың айтуынша, заң жобасында тарифтерді белгілеу кезінде тұрғын үй сапасын ескеру ұсынылады.
“Атап айтқанда, үйдің жылына, техникалық бөлмелеріне және басқа да сипаттамаларына байланысты коэффициенттер қарастырылады. Олар бірден ең төменгі тарифке енгізіліп, тұрғындардың дауыс беруін талап етпеуі керек. Дегенмен қосымша қызмет қажет болған жағдайда үй иелерінің жалпы дауыс беруімен бекітіледі”, – деді депутат.
Смышляеваның сөзінше, қазір тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тариф белгілеу жүйесін жетілдіру бойынша елеулі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!