Фото: Pra-chid/Getty Images

270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияда төлем көзінен салық салынатын жалақы, зейнетақы және басқа да кірістерді көрсету міндетті емес. KAZ.NUR.KZ тілшісі салық есебінде тағы не жаңарғанын анықтады.

Мемлекеттік кірістер комитеті 270.00 нысаны бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияны жаңартудың аяқталғанын хабарлады. Енді салық есептілігінің жаңа нұсқасы e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында қолжетімді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан бірнеше ай бойы декларацияны жаңартумен айналысты. Нәтижесінде құжаттан бірден бірнеше тармақ алып тасталды:

  • төлем көзінен салық салынатын табыстар: жалақы, зейнетақы, стипендия, депозиттер бойынша сыйақы және табыстың өзге де түрлері;
  • Қазақстанда тіркелген мүлікті сатып алу, иеліктен шығару немесе өтеусіз алу туралы ақпарат;
  • мүлікті сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтер.

Айта кету керек, соңғы екі тармақ тек қарапайым азаматтарға қатысты. Шенеуніктер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары кез келген жағдайда сатып алынған мүлік туралы есеп беруге және салық органдарына бұған ақшасының қайдан келгенін түсіндіруге тиіс.

Сондай-ақ мемлекеттік кірістер комитеті салық есептілігінің ескі нұсқасы жүктелетін болса, мобильді қосымшаны жаңартып, құжатты қайта ашуға тырысу керектігін атап өтті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!