Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинағын пайдалануға өтінім қабылдау уақытша тоқтатылады. Мұндай шектеу 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинағын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінім қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін берілген барлық өтінім қаралады және өңделеді», – деп мәлімдеді «Отбасы банк» өкілдері.

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны қосымша хабарланады.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!