Ұлттық банк ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жоба бойынша құрылыс жүріп жатқан тұрғын үйлерден үлес сатып алу кезінде барлық төлемдер тек қолма-қол ақшасыз түрде жүргізілуі тиіс.
Сондай-ақ, үшінші тұлғаларға табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаларға материалдық шығынды өтеу және қажетті көмек көрсету үшін бөлінген қаражатқа тыйым салу ұсынылып отыр.
Ұлттық банк бұл шараларүлескерлер ретінде әрекет ететін азаматтардың, қаржы операцияларына қатысушылар және төтенше жағдайлардың нәтижелері бойынша материалдық көмек алушылардың құқықтарын қорғауды арттыратындығын айтты.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!