Үкімет еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін жүйелі шаралар қабылдайды. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұзақмерзімді және тұрақты экономикалық өсу факторларының бірі – адами капиталды дамыту. Экономиканың дамуы және азаматтар әл-ауқатының артуы өз кәсібін жетік меңгерген мамандарға байланысты. Сондықтан біз еңбек адамының мәртебесін көтеру үшін тиісті іс-шараларды кезең-кезеңмен қабылдаймыз. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тарапынан 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланды, — деп атап өтті Үкімет отырысында Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысы жариялаған жұмысшы мамандықтарын іске асыру мәселелері жөніндегі Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың жұмысшы кадрларды қолдау шаралары туралы баяндамасын тыңдап, еңбек заңнамасының, еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігінің сақталуына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. 

Кәсіпорындарда еңбек дауларына жол бермеу үшін алдын алу шаралары қабылдануға тиіс. Сізге жұмысшылардың қауіпсіз еңбек жағдайларының сақталуына қатаң мониторинг жүргізуді, соның ішінде кәсіпорындардың цифрлық картасын енгізуді тапсырамын, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Салалық министрліктерге лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету және тиісті конвенцияларды ратификациялау үшін Халықаралық еңбек ұйымымен өзара тығыз іс-қимылды қамтамасыз теу тапсырылды.  

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!