Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін енді ескерту берілмейтін болды, деп хабарлайды Qaz365.kz. 

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер енгізілгенін айтты.

Заңнамада:

1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін ескертулер мүлдем алынып тасталды.
2. Айыппұл көлемі артты: алғашқы бұзушылық үшін – 20-дан 120 АЕК-ке дейін;  қайталанса – 40-тан 240 АЕК-ке дейін.

Бұған дейін Еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзғандардың жартысынан көбі тек ескерту алып келген.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!