Әлеуметтік желілерде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (ҚазҰПУ) өткізілген жиын дау туғызды. Мәліметке сүйенсек, бұл жиында бірінші курс студенттеріне қыз бала қоғамда және ер адамдармен өзін қалай ұстау керек екені айтылған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, бірінші курс студенттері акт залға шақырылған, онда әртүрлі жастағы ер адамдар қыздарға қоғамда өзін қалай ұстау керек екенін айтатын бейнеролик көрсетілген. Мысалы ашық киім киюге, қатты сөйлеуге болмайтыны айтылған. Сонымен қатар, желіде әртүрлі баннерлердің суреттері тарады. Онда «Ер адамға жол беру – үлкен әдептілік», «Қыз бала ақырын сөйлегені дұрыс» деген секілді жазулар бар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бұл жағдайға пікір білдіріп, алдағы уақытта мұндай мазмұндағы материалдарға мұқият болатынын мәлімдеген.

«5 мамырда университет қабырғасында студенттер үшін тәрбиелік сипаттағы кездесулердің бірі өтті. Университетте жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жастардың мәдени-адамгершілік қасиетін арттыруға бағытталған іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады. Осы уақытқа дейін мұндай материалдар сынға ұшыраған жоқ. Алайда кездесу барысында көрсетілген бейнематериал дау тудырды. Университет әкімшілігі бұл жағдайға түсіністікпен қарайды және болашақта мұнай мазмұндағы материалдарды таңдауда барынша мұқият болатынын мәлімдейді», – деп жазылған хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!