19 қыркүйекте Испанияның Леон қаласында ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем біріншілігі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков 81 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды.

Қызылорда спортының түлегі қоссайыс қорытындысы бойынша 344 келіні (154+190) бағындырды.

Айта кетелік, бұған дейін Ерасыл 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында екі дүркін әлем чемпионы атанған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!