Ересек адамға күніне қанша бал жеуге болады? Бұл сұраққа эндокринолог Наталья Тананакина жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Риамоға» сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, ересек адамға бір күнде бір-екі ас қасық бал жеуге рұқсат етілген, мұндай мөлшер денсаулыққа зиян тигізбейді.
«Алайда, бал құрамында қант немесе басқа қоспа болмауы шарт. Сондай-ақ, бал мен оның құрамындағы өнімдер аллергия тудыруы мүмкін екенін есте ұстаған жөн, оған назар аударыңыз», – деп ескертті дәрігер.
Сонымен қатар, маман құрамында қант барына қарамастан, балдың бірқатар пайдалы қасиеті бар екенін айтты. Оның сөзінше, бұл өнімде ағзаға пайдалы әсер ететін дәрумендер, минералдар мен антиоксиданттар бар.
Оған қоса, балдың бактерияға қабынуға қарсы қасиеті бар.
Фото: pixabay.com
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!