ҚазАвтоЖол еріген қар суының салдарынан екі облыста жол жабылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ҚазАвтоЖолдың мәліметінше, 21 наурыз күні сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар суының салдарынан 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Ақтөбе облысы:

– «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолының 3-92 шақырымдарының аралығы (Қандыағаш қаласы – Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

– «Мариновка ауылына кіреберіс» автожолының 9 шақырымы.

“Барлық учаскелерде айналма жолдар қарастырылған. Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 104 арнайы техника мен 142 маман жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!