Ерке Есмахан и Raim. Фото: instagram.com/erke_esmahan
Әнші Ерке Есмахан сәбилі болды. Өнер иесінің жұбайы Райымбек Бақтыгереев ұлды болғанын айтып, көпшіліктен сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
«Қош келдің, ұлым. Аллаға шүкір», – деп жазды Раим Instagram парақшасында.
Желі қолданушылары жұлдызды жұпты қуанышымен құттықтап, жарыса лебізін білдірді.
«Құттықтаймыз», «Бауы берік болсын», «Керемет», – деп жазды желідегілер.
Айта кетейік, биыл Ерке Есмахан мен Раим сәбилі болатынын бейнебаян арқылы көпшілікке хабарлаған болатын.
Алайда жұлдызды жұп сәбидің кім екенін құпия қалдырды.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!