Фото: ulysmedia
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат берді. Сұхбат барысында ол Елтаңбаны ауыстыру бастамасына қатысты ойын ортаға салды.
«Мемлекет басшысы Елтаңбаны міндетті түрде ауыстыру керек деген пікір айтқан жоқ. Өкінішке орай, көпшілігі мәлімдемені дұрыс қарамайды, оқымайды, тыңдамайды. Шын мәнісінде, Президент ол жерде қоғамда кейбір азаматтың Елтаңбаға қатысты әртүрлі пікір айтып жүргенін, мәселеге қатысты ұстаным қалыптасса, онда ашық түрде талқылау» керектігі туралы пікір айтты», – дейді ол.
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!