Фото: AMANAT партиясының баспасөз қызметі

AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Қазпоштаның» ауылдардағы рентабельді емес жеткізу тарифтерін субсидиялау және жергілікті әкімдік қаражатын орналастыру мүмкіндігін қарастыру, мемлекеттік ғимараттарда өтеусіз негізде орналастыру жайын көтерді, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Депутат премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында  2017 жылы белгіленген тарифтер «Қазпоштаның» шығындарын өтемейді деп отыр.

«Қызметтің өзіндік құны 247,67 теңге, ал мерзімді басылымдарды ауылдық жерлерге жеткізудің бекітілген тарифі – 17,6 теңге. 2022 жылдың қорытындысы бойынша шығындар 12,1 млрд теңгені, ал 2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 12,3 млрд теңге, ал субсидиялар қажетті 8 млрд теңгенің 2,05 млрд-ын ғана жабады», – дейді ол.

Депутаттың айтуынша, көптеген шекаралас ауылдық елді мекендерде әлі күнге дейін ұялы байланыс, интернет және пошта желісі жоқ. Осы аймақтарға зейнетақы жеткізіп, күнделікті түрде бұқаралық ақпарат құралдарын жеткізіп отыратын кәсіпорын «Қазпошта» банктің ролін атқарып, зейнетақы жеткізіп, ақпарат құралдарын тарататын «өмір жолына» айналған.

Алайда, жыл сайын ауылдық елді мекендерде мемлекеттік көмектің азаюына байланысты Қазпошта бөлімшелері жабылып жатыр екен.

«2022 жылы 33 филиал жабылған, ал 2023 жылы 13 филиал жабылды. Осы үрдісті жалғастыра отырып, 900-ге жуық бөлімше жабылуы мүмкін. Шекаралас елді мекендердегі «Қазпошта» бөлімшелерінің жабылуы мемлекеттің саясаттың осы өңірлерде әлсіреуіне әкелуі Һақ! Ауылдық елді мекендерде газеттер мен журналдардың қолжетімділіктің болмауы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер бойынша қызметтер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сияқты күрделі проблемалар болары анық! Бүгінгі турбулентті заманда ұлттық қауіпсіздікті саудаға салуға салып, бюджет қаражатын үнемдеуге болмайды! Шекаралық аудандардағы «Қазпоштаның» қызметі ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі!», – дейді мәжіліс депутаты Ерлан  Саиров.

AMANAT партиясы фракциясының мүшесі мерзімді баспасөз басылымдарын, сондай-ақ «Қазпошта» АҚ рентабельді емес тарифтерін жеткізуді субсидиялау мәселесіне назар аударып, бірқатар мәселені шұғыл шешу қажет деп санайды.

«Қазпоштаға» қолданыстағы тарифтерді ұлғайту арқылы мерзімді баспа басылымдарын жеткізуді субсидиялауды ұлғайтуды көздеу; Ауылдық жерді дамыту бағдарламаларын іске асыру шеңберінде «Қазпоштаға» әкімдіктердің ақшалай қаражатын орналастыру мүмкіндігін қарастыру. Аудандық және ауылдық әкімдіктердің мемлекеттік ғимараттарын салу кезінде қолдау шарасы ретінде пошта бөлімшелерін өтеусіз негізде орналастыруды көздеу керек», – дейді депутат өз сауалында.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!