Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Ержан Сәрсенбай 2001- 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.

2006-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі; 2007-2010 жылдары «Қазақстан даму банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы; 2011 жылдан бастап 2014 жылғы ақпан айына дейін «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры; 2015-2017 жылдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары; 2017- 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры; 2021 жылғы ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!