Фото: qyzyljarnews.kz

Есіл өзенінде су деңгейі әлі де көтеріліп келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова айтты, – деп хабарлайды Kazinform.

«Солтүстік және оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальды бөліністер Қазақстанның басым бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа-райын тудырады. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады. Республика бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде», – деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, Ақмола облысындағы Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі 12 сағатта 21 см-ге көтерілген. Ал Петропавл қаласында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің күрт көтерілуі байқалды. Су деңгейі тәулік ішінде 144 см-ге артты. Ал Долматово ауылы тұсында Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейі тәулік ішінде 135 см-ге көтерілді.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!