Фото: pixabay.com

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үшінші ойын күні, 16 маусымда үш ойын өткізіледі, – деп хабарлады Kazinform.

Алдымен 18:00-де D тобында Польша мен Нидерланд ойнайды.

Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама қазірге дейін 19 мәрте кездескен. Оның 3-і польшалық құраманың басымдығымен аяқталса, 7-і тең аяқталып, қалғанында нидерландтық футболшылар жеңіске жетті.

Құрлықтық додада Польша бесінші мәрте бақ сынап отырса, Нидерланд он бірінші мәрте қатысуда.

Одан кейінгі С тобындағы Словения мен Дания ойыны 22:00-ге белгіленген.

Кездесуді жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасы арқылы тікелей эфирде тамашалай алады.

Қазірге дейін екі құрама 6 мәрте шеберлік байқасты. Олардың 1-де тең нәтиже тіркелcе, қалғанында Данияның мерейі үстем болды. Словения әзірге аталған қарсыласын жеңе алмай келеді.

Словения биыл құрлықтық дода финалдық сатысында екінші мәрте ойнап жатса, Дания тоғызыншы мәрте келді.

Бүгінгі ойындарды сағат 23:55-те С тобындағы Сербия мен Англия кездесуі түйіндейді.

Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі құрама өз тарихында алғаш рет кездескелі отыр.

Еуропа чемпионатына Сербия тұңғыш мәрте қатысуға мүмкіндік алса, Англия оныншы рет келді.

Айта кетсек, бұдан бұрын А тобында Германия Шотландиян 5:1, Швейцария Венгрияны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Ал В тобында Испания Хорватиядан 3:0, Италия Албаниядан 2:1 есебімен басым түсті.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!