Астанада EXPO аумағында кеңсе ғимараты өртенді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты ТЖМ министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

Өрт сағат 16:22 шамасында Есіл ауданында, Мәңгілік Ел даңғылы 53/2 бойында басталған.

«Бірінші қабаттағы кеңсе ғимаратында өрт шықты. Оқиға орнына дереу Астана қаласы ТЖД жеке құрамының 40 адамы мен ТЖД 9 техникасы жіберілді. Сағат 16:44-те өрт оқшауланды», – деді Иманқұлов.

Өртсөндірушілер мұрағат бөлмесіндегі жиһаздар мен құжаттардың жалпы ауданы 40 шаршы метрге жуық өртенгенін анықтады.

«Сағат 17:19-да өрт сөндірілді. Бірақ біздің мамандар оқиға орнында қайта тұтанудың алдын алу үшін жұмыс істеп жатыр», – деді Иманқұлов.

ТЖД өкілдері мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!