Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында өткізген «Fin IQ» республикалық диктантының Қызылорда облысы бойынша он үздік қатысушысы марапатталды.Республика күніне орай, Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының қолдауымен ұйымдастырылған салтанатты шараға «Халық банкі» Қызылорда облыстық филиалының басшысы қатысып, жеңімпаздарға арнайы сыйлық табыстады.
Аталған диктантқа еліміз бойынша 2 млн 800 мыңнан астам адам қатысса, оның 105-мыңнан астамы Қызылордалық. Студенттер, зейнеткерлер мен түрлі сала өкілдері ауқымды науқан барысында белсенділік танытып, қаржылық сауаттылықтарын тексерді. Нәтижесінде, бес мектеп оқушысы, екі студент, екі қаржылық мониторинг субьектілерінің өкілі және бір азамат жеңімпаз атанды. Бұған қоса, мерекелік кеште департаменттің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Гульназ Сағындықоваға «Мінсіз қызметі үшін» 2-шідәрежелі ведомстволық медалі» табысталды. Бірнеше департамент қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, жиында осы салада ұзақ жылдар еңбекетіп зейнетке шығып жатқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді. Мереке аясында дайындалған бейнероликтер көрсетіліп, кеш концерттік бағдарламамен жалғасты.
Қызылорда облысы бойынша ЭТТД баспасөз қызметі
Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!