Гарвард университетіне шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы президент Трамптың әкімшілігі әйгілі оқу орнына қатысты осындай шешім шығарған.

Оқу орнына қарасты халықаралық академиялық қоғамдастықта 10 мыңға жуық адам тіркелген. Оның 6 мың 793-і шетелдік студенттер. Бұл мұнда оқып жатқан түлектердің шамамен 27 пайызы. Соңғы апталарда Ақ үй әкімшілігі Гарвардқа қарсы әрекетін күшейткен.

“Гарвардта білім алып жатқандарға да талап күшейтілді. Олар өз еркімен ауысуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, заңды мәртебесінен айырылуы мүмкін”, – делінген АҚШ-тың Ішкі қауіпсіздік департаменті таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, департамент Палестинаны қолдайтын топтарға және наразылық шерулерінде қолданылатын бетперделерге қарсы шара қолдануды талап еткен.

Ал елдегі Денсаулық сақтау департаментті антисемиттік қудалау мен нәсілдік кемсітушілікке қарсы шара қолданбағанын сылтау етіп, көне университетті 60 миллион доллар көлеміндегі федералдық гранттан айырған.

 

Өзге де жаңалықтарды оқу үшін Telegram арнамызға жазылыңыз!